Chania
29
21.03.2024
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Наурыз мейрамын Қонай шағын ауданының тұрғындарымен бірге қарсы алды

Мерекелік бағдарлама этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының күшімен ұйымдастырылды. 
Қонай шағын ауданы жақында облыс орталығының құрамына енді. Аудан тұрғындары бірден достасып, келе жатқан мерекені бірге үлкен алаңда қуана-қуана атап өтті. 
Наурызға қонайлықтар 2 киіз үй орнатып, жәрмеңке ұйымдастырып, қонақтарын қарсы алды. Басты қонақ - Қостанай әкімі Марат Жүндібаев болды.  Ол өз құттықтау сөзімен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жалғастырған бағдарламаны ашты.
Ауа-райы қуантып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, сондықтан шағын аудан тұрғындары әртістермен бірге екі сағат бойы ән шырқап, би биледі.